Талдықорғанда Q-net қаржы пирамидасын құрған күдікті қамалды
Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мамандарының айтуынша, олар 2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшыны тартқан. Тұрғындардың онда жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам жеке қаражатын салғаны анықталды. Сот күдікті азаматтарға қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Ербол Құрманбаев, Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі:
- Аталған күдікті тұлға ҚР 217 бабы бойынша, яғни мамандандырылған тергеу сотының санкциясы бойынша екі айға қамауға алынды. Басқа деректер 201 бабы бойынша ҚР Қылмыстық процесуалдық кодексінің жариялауға жатпайды.