Жамбыл облысында 47 мердігерге айыппұл салынды
Өкініштісі заңсыз және сапасыз құрылыстар өңірлерде де аз емес. Мәселен, Жамбыл облысында 47 мердігерге 23 млн теңге айыппұл салынды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жоспардан тыс тексеріс жүргізуі нәтижесінде кейбір құрылыс компанияларының сапасыз материал қолданып, жобадан ауытқығаны белгілі болды. Жауапты мердігерлерге қатысты 79 әкімшілік іс қозғалып, 28 нұсқама жіберілген. Өрескел қателікке көз жұма қараған техникалық бақылаушылар да жауапқа тартылды. Мамандардың айтуынша, құрылыстағы олқылықтар өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артқан.
Қайрат Бисембаев, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы:
- Бір мердігер компанияны лицензиясынан айырдық. Т.Рысқұлов ауданында мектептің құрылысын салып, аяқтамай былтыр кетіп қалған. Жуалы ауданы Қайрат ауылында 149 орындық мәдениет үйінің құрылысын тура сондай проблемалар болып жатыр. Техникалық қадағалаушы осы 5 айдың ішінде төртеуінің аттестатын 6 айға тоқтаттық.