Маңғыстау атом энергетика комбинатындағы апат себебі анықталды
Таяуда Маңғыстау энергетикалық комбинатында болған апатқа ток генерациялайтын станцияның тозуы себеп. Бұл туралы «Kegoc» компаниясы мәлімдеді.
Энергонысан 3 шілде күні апатты жағдайда тоқтатылған. Салдарынан Маңғыстау және Атырау облысында елді мекендер жарықсыз қалған еді. Мұнай өндіруші бірнеше кәсіпорын жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.
Талдаулар нәтижесі елімізде электр станцияларын жаңғырту қажеттігін көрсетіп отыр. Қазір батыс аймақтарда электр желілерін күшейту жобасы қолға алынды. Нақты айтсақ, ұзындығы 770 шақырым болатын, 220 кВт ток желісі жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған қосалқы станциялардың қарқыны өсіп, 1 тарату станциясы салынады. Бұдан соң «Орал-Атырау» учаскесінде ток өткізу қабілеті 2, ал «Атырау-Маңғыстау» учаскесінде 4 есе артуы тиіс,- деп жоспарланып отыр.