СҚО-дағы ет комбинатында 4 жұмысшы қаза болды
Оқыс оқиға. Солтүстік Қазақстан облысында жұмысшылардың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Мұны полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарады. Еске сала кетейік, Тайынша ауданындағы ет өңдеу комбинатында 4 адам мерт болды. Олар 8 метрлік кәріз құдығын тазалауға түсіп, уланып қалған. Іздестіру кезінде денелері сол жерден табылды. Оқиға орнына облыс әкімі барып, қара жамылған отбасыларға көңіл айтты. Арнайы комиссия құрылып, тергеу басталды.
Нұрбек Баекин, облыстық ПД баспасөз қызметінің қызметкері:
Алдын ала анықталғандай, 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған жұмысшылар кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланған. Олардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған факті ҚР ҚК 56-бабының төртінші бөлігі «Еңбек қағдидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп–тексерулердің біріңғай тізіміне тіркелді.