Келешекте астықты алқаптардың күрт азаю қаупі бар
Егін егу тиімсіз болып тұр. Бұл мәселе ауыл шаруашылығы саласы мамандарының қатысуымен өткен агрофестивальде көтерілді. Шаруалардың айтуынша, дәнді және майлы дақылдардың бағасы төмендеп кеткен. Былтыр бидайдың тоннасы 120 мыңнан болса, қазір баға 70 мыңның төңірегінде. Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары қожалық басшыларымен кездесіп, биыл жұмысы тоқтап қалған «Кублей» және «Ет өнеркәсібі» серіктестіктерінің проблемаларымен де танысты. Шаруаларды мазалайтын тағы бір мәселе – бөкен басының шектен тыс артуы. Қаптаған киік қазір қалаға жетіп, егінге ауыз салып жатыр.
Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Қалай бұл мәселені шешуге болатын тетіктерін бірге талқылап, осындай ұсыныспен қыркүйектен бастап шығайын деп жатырмыз. Себебі біздің ойымызша киік мәселесі қазір ешқандай қожайынсыз қалып жатыр. Тек қана шаруалардың мәселесі сияқты.