Павлодар облысының энергетикалық әлеуеті зор
Екібастұзда жылына 36 млн тонна көмір өндіретін әлемдегі ең үлкен көмір кеніші бар. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында алдағы 5 жылда жаңа энергетикалық қуаттылық қолданысқа енгізілетінін атап өтті. Ол кемінде 14 гигаватт болады. Биыл Екібастұздың 1 мемлекеттік аймақтық электр станциясында бірінші блоктың құрылысы аяқталады. Алғаш рет станциядағы барлық 8 блок іске қосылады. Сонымен қатар екінші станцияны кеңейту жобасы жүзеге асып жатыр және үшінші бекеттің құрылысы басталады. Мұның бәрі елімізді энергетикалық тәуелділіктен арылту үшін қолға алынған жобалар.
Илья Теренченко, облыстық мәслихаттың төрағасы:
- Біз өндірісті аймақта тұрамыз. Екі моноқаламыз бар. Энергетика саласын өркендетуге Ақсу мен Екібастұздың әлеуеті жетеді. 2 және 3 мемлекеттік аймақтық электр станцияларының құрылысы ГРЭС-2 қосымша жұмыс орындарын береді. Біз шын мәнінде энергетика астанасы саналамыз. Өйкені энергетикалық әлеуетіміз зор.