Қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі
2024 жылдың бірінші қаңтарынан ел азаматтары үшін міндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі. Бұл саусақтардың папиллярлық үлгілері арқылы ақпарат алу. Айта кетері 12 жасқа дейінгі балаларға міндеттелмейді. Ал 12-ден 16 жасқа дейінгі жеткіншектер қалауына қарай, ал ересектерге саусақ іздерін тіркеу міндетті. Одан бас тартса, әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Нұржан Жанабаев, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы:
- Жеке тұлғалардың биометриялық сәйкестендіруді жетілдіруге бағытталған. Бұл өз кезегінде заңсыз құжаттандыру фактілерін болдырмауға және де жалған құжаттарды жасаудан иелерін алаяқтық және басқа да қылмыстық әрекеттерден қорғауға мүмкіндік береді. Екіншіден, шетелдерге шығу кезінде мемлекеттік шекараны кесіп өту рәсімін жеңілдетуге бағытталған.