Жезқазғанда сұйытылған газ тапшы
Қаладағы жанармай құю бекеттері табиғи отынды тек талонмен беріп жатыр. Облысқа газ жеткізетін екі бірдей компанияның жұмысы тоқтапты. Сондай-ақ облыс орталығында газбен жүретін көлік саны да едәуір артқан. Яғни газ тұтыну көлемін нақты болжау әзірге мүмкін болмай отыр. Әкімдіктегі жауапты мамандар «Бұл уақытша мәселе, көп ұзамай шешіледі»,-дейді.
Ұлантай Үсенов, облыс әкімінің орынбасары:
-Аймақтық ритейлар бүгінгі таңда Қарағанды облысындағы біздің аймақтан кетіп жатыр. Себебі олардың бұл жақта сақтайтын нефтебазалары жоқ. Ол екеуі кеткендіктен бізде 1-ақ ритейлер қалып отыр. Соған байланысты болып отыр бүкіл мәселе. Бірақ оның мүмкіншіліктерін көбейтіп, қосымша газ көлемімен қамтамасыз етеміз. Қазіргі таңда 2 вагоны кешігіп келе жатыр. Ол газ вагондары Жаңаарқа станциясына келді.