Павлодар облысы тегін Wi-Fi желісімен қамтылады
Павлодар облысының 119 елді мекені тегін wi-fi желісімен қамтылады. Интернет тарату құрылғылары «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында мәдениет үйлері мен мектептерге орнатылмақ. Өңірдің ірі өндіріс ошақтары бұл бастаманы жүзеге асыруға демеушілік қолдау көрсетеді. Мемлекеттік мекеме басшыларымен тиісті келісім жасалған. Павлодар қаласының орталық жағалауы да wi-fi желісімен қамтылады. Келесі жылы демалыс орнында тегін интернет тарататын 4 терминал іске қосылады. Әр құрылғы бір мезетте 4 мың тұрғынды сапалы ғаламтормен қамтуға қауқарлы.
Елнұр Өтебаев, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы:
- 11 елді мекенде интернет мүлдем жоқ. Тағы 22 елді мекеннің халқы сапалы байланысқа қол жеткізе алмай отыр. Мобильді интернет жұмыс істеп тұр, бірақ сапасы нашар. Ал сым арқылы таратылатын ғаламтор байланысы әлі күнге дейін орнатылмаған. Бұл ауылдарды «Қолжетімді интернет» жобасына енгіздік. Мәселе салалық министрлік өкілдерінің басты назарында.