1 млн доза вакцина сатып алынады — ДСМ
Денсаулық сақтау министрлігі қызылшаға қарсы вакцинаның тағы 1 млн дозасын сатып алады. Қаржы Үкімет резервінен бөлінбек. Қосымша 500 мың доза вакцина қарашаның екінші жартысында жеткізіледі. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова айтты. Қазір елімізде қызылша жұқтырғандардың саны 13 мыңға жеткен. Олардың дені - 14 жасқа дейінгі балалар. 84% екпе жоқ.
Зәуре Ахметова, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары:
- 1300 биылғы жылдың желтоқсан айынан 2 жастан бастап 4 жасқа дейінгі балаларды қосымша жаппай иммундауды және 6 айға толған балаларды қосымша иммундауды одан әрі жалғастыру жоспарлануда. Осы мақсатта вакцинаның 1 млн дозасы жеткізілуі күтілуде.