Хостелдегі өрт: Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады
Бас прокуратура бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғады. Білікті мамандар күшімен қысқа мерзімде барлық мән-жайды анықтау жоспарланған. Осыған ұқсас ахуал қайталанбауы үшін енді ішінара тексерістер жүргізілуі мүмкін. Бүгінгі жағдайды ескере отырып, прокуратура рұқсат бере алатынын мәлімдеді.
Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
-Егер Төтенше жағдайлар министрлігі тексеріс туралы бастама көтерсе және оған негіздеме берсе, оған рұқсат етіледі. Атқарылған жұмыс Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика комитетінде тіркеледі.