Жезқазғанда ауызсу қысымы төмендеп кетті
Жезқазғанда су құбырындағы апатқа байланысты бірнеше шағын ауданда ауызсу қысымы төмендеп кеткен. Кей үйлерде тіршілік нәрі кешеден бері мүлде жоқ. Оларға ауызсуды қалалық әкімдік арнайы көліктермен жеткізіп жатыр. Судан тарыққан халық саны шамамен 150-ден асқан. Сонымен қатар бұл ауданда екі бірдей аурухана бар. Апаттың себебін анықтау және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін арнайы штаб құрылды.
Ұлантай Үсенов, облыс әкімінің орынбасары:
-Мынау Алашахан даңғылы арқылы өтетін Байқоңыров көшесімен қиылыста ескі трубамен жаңаның қосылған жерінде апаттық жағдай болып тұр. Бүгінгі таңда енді жөндеу жұмыстары мердігермен қоса апаттық аймақта басталады. Өйткені орнын біз таптық. Соған керек құрал-жабдықтар мен мамандарды сол жерге тартып жатырмыз.