Құрылысы аяқталмаған нысандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі тексеруге кірісті
Атырау облысындағы құрылысы аяқталмаған нысандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі тексеруге кірісті. Мысалы, Махамбет ауданындағы Сарытоғай мәдениет үйінің құрылысы 2017 жылы басталып, әлі аяқталмаған. Оған бюджеттен 260 млн теңге бөлініпті. Бірақ мердігер мекеме айыппұлмен құтылған. Енді әкімдік құрылысты аяқтау үшін басқа мердігермен келісімшарт жасапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары құрылысы тұралаған Қызылқоға ауданында мәдениет үйі мен Исатай, Мақат аудандарындағы 60 пәтерлі үйді де бақылауға алды. Индер ауданы мен Талғайраң ауылындағы тұрғын үй құрылысы да назарда.
Нұрлан Жахин, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:
-Мәдениет үйінің құрылысы қазіргі уақытта бақылауға алынды. Енді бюджет қаражаттары бөлініп жатыр. Сондықтан жемқорлыққа қарсы қызметі өз тарапынан бюджет қаражатының тиімді игерілуіне және сапалы құрылыстың салынуына назар аударатын болады. Бізде 8 объект бар. Біреуі осы.