Қазақстандықтар медицинаға жиі шағымдана бастады
Денсаулық сақтау жүйесінде жүйелі кемшіліктер көп.
Денсаулық сақтау ведомствосының кеңейтілген алқа отырысында саладағы келеңсіздіктерді су жаңа министр Ақмарал Әлназарованың өзі тізбелеп, сынға алды.
Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру еселеп артса да медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігі артқан жоқ. Ұйымдастырудағы кемшіліктер, этика және деонтологияның бұзылуы, тиісінше азаматтардың шағымдары да көп. Ем алушылар бюрократия шырмауынан шыға алмайды. Мәселен, арнайы маманның қабылдауына бару үшін жалпы дәрігердің жолдамасы керек.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Қазір осыған байланысты тиісті жұмыстарды, сараптама жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі күні алғашқы кезеңде 9 бағыт бойынша, оның ішінде шұғыл түрде көріну мәселесі. Екінші қайтара бару үшін қайтадан жолдама алмау мәселелерін біз енгізіп отырмыз. Бұл енді жұмыстың басы. Азаматтарымызды құр босқа кабинеттен кабинетке жүгіртіп, жұмыстарды көбейте бермей, оптимизация жасауға бағытталып отыр. Бұл жұмысты бірінші наурыздан бастап енгізейік деп отырмыз.