Елімізде жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсульт алады
10 мыңға жуығы қайтыс болады. Сондықтан мамандар ауыр дерттің белгілері мен күресу жолын түсіндіруді мектеп оқушыларынан бастаған. Қазір бірнеше мектепте Македония институты әзірлеген және Дүниежүзілік инсульт ұйымы мақұлдаған білім беру бағдарламасы қолданыста. Оқушылар не үйреніп жатыр?
Бастауыш сынып оқушылары инсульттің белгілерін анықтап, алғашқы көмек көрсетуді үйренуде. Тіпті жедел жәрдем шақыра алады. Себебі мұғалімдер сабақты кішкентайларға қызықты етіп, ертегі кейіпкерлері арқылы түсіндіреді. Ал оқушылар өздеріне ұнайтын батырларды таңдап үлгерген.
Әлихан Бөкейхан Бақыт, оқушы:
-Маған сол қаһарманнан Тёма ұнады. Ол бәріне көмектесті. Бүкіл ата-аналары инсультпен ауырып қалғанда ол 103-ті шақырды. Атасының беті қисайып қалған, ал екінші атасының қолы істемей қалды. Ал әжесі дұрыс сөйлемей қалды.
Елімізде 8 мыңнан астам оқушы «FAST суперқаһармандары» жобасы аясында инсульт алғандарға көмек көрсетуді біледі. Былтыр пилоттық жоба ретінде 20 мектепте жүзеге асырылса, биыл 36 мектептегі оқушылар жаңа білімді меңгеруде. Ата-аналардың айтуынша, балаларға медицинадағы дұрыс дағдыларды қазірден бастап үйрету қажет.
Гүлжұпар Қоңыратбаева, қала тұрғыны:
-Бастауыш сынып оқушыларына үйретіп жатқандарын мен қолдаймын. Үлкендер өзімізде оның белгілерін білмей қалып жатамыз. Немерем келгенде соңғы уақытта айтып жүр. Бетіме қарайды, үндемей қалсам, тың тыңдайды. Осының бәрі өте жақсы жоба.
Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрлері еліміздегі мектептерді бағдарламаға белсенді қатысуға шақырады. Себебі осы жоба бойынша 20-дан астам елдегі мектеп оқушылар оң нәтиже көрсеткен. Инсульт жайында ақпарат біліп, үлкендерге дер кезінде көмек көрсетіп, өлімнен арашалаған сәттер болыпты.
Жансая Хамит, «Fast суперқаһармандары» жобасының жетекшісі:
-Осы жоба арқылы балаларды ақпараттандыру арқылы еліміздегі инсульт жағдайын төмендетуге әкеліп соқтырады.
Дүниежүзілік инсульт ұйымы мақұлдаған болатын. Бұл жобаның негізгі мақсаты өскелең ұрпақты, яғни біздің жағдайда балаларды ақпараттандыру арқылы олар өздерінің, ата-әжелерінің, жақындарының немесе кез келген адамның өмірін сақтап қала алады.
Еліміз бойынша 81 инсульт орталығы бар. Кейбір ем-дом шаралары тегін. Дегенмен дәрігерлер: «дертпен күресу жолын ғана емес, алдын алу шараларын қоса түсіндірсе»,— дейді. Сонымен қатар дұрыс тамақтанып, зиянды заттардан аулақ болуға шақырады.
Авторлары: Диана Қадыр, Қайрат Ақтөреев