Хабар телеарнасы

Үкімет ауылдарда медициналық мекеме салу үшін ₸40 млрд бөлді

Ауылдарда жаңа медициналық мекемелер салып, ескілерін жаңғырту үшін Үкімет шамамен 40 млрд теңге бөлді. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов осындай қаулыға қол қойды. Бұл қаржыға жобалау-сметалық құжаттамасы дайын 300-ге жуық алғашқы медициналық көмек нысаны салынады. Яғни медициналық, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар ашылмақ. Сондай-ақ Арқалық, Степногорск, Атбасар, Балқаш қалалары мен Шиелі ауданындағы ауруханалар күрделі жөндеуден өтеді.