Еріктілер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр
Көшпенділер ойындарында 1,5 мыңнан астам волонтёр қызмет көрсетеді. Олар 1-ші қыркүйектен бастап іске кіріспек. Еріктілер қазір арнайы оқудан өтіп жатыр. Жастар 16 бағыт бойынша ұйымдастырушыларға жәрдемдеседі. «Волонтёр болғысы келетін жастар көп», - дейді, жауаптылар.
Дирекцияға бас-аяғы 5 мыңнан астам өтініш түскен. Олардың арасында шетелдіктер де бар. 18 елдің 22 өкілі біздің қыз-жігіттермен бірге жұмыс істейді. Айта кетейік, бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтеді.
Бақдәулет Жанділдаев, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі дирекцияның бөлім жетекшісі:
- Еріктілерге қойылған негізгі талаптар: 16 жастан, еріктілік тәжірибесі болуы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеруі. Біздің таңдап алған еріктілеріміздің барлығы қазақ, орыс, ағылшын тілін біледі. Сондай-ақ француз, қытай, араб секілді тілдерді біледі.