Депутаттар мен ҚХА өкілдері Астанадағы үй құрылысы комбинатына барды
Парламент депутаттары мен елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Астанадағы үй құрылысы комбинатына барды. Мақсат – жұмысшылармен тілдесіп, олардың еңбек жағдайын көру.
Зауыт 2020 жылы құрылған. Аз уақытта елордадағы іргелі кәсіпорынға айналып үлгерген. Үш ауысымда 440 адам жұмыс істейді. Мұнда тәулігіне 30 блок шығарылады. Бұл жылына шамамен 135 мың шаршы метр тұрғын үй деген сөз. Өндірісте толық отандық шикізат қолданылады.
Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Біз не істесек те, қайда жүрсек те экономикамыздың өсуінің басты факторы – жұмысшы азаматтар. Олардың мәртебесі ең алғы шепті жүруі керек. Біздің алғыс хаттарымыз бар арнайы. Бізде халықаралық еңбек күні келе жатыр. Осыған орай жұмысшы азаматтарға құрмет көрсету – басты мақсатымыз.