Хабар телеарнасы

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты мен «Дарын» сыйлығының иегерлері анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары және «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері анықталды. Екі жүлде де еліміздегі талантты жастарды қолдауға арналған. Бүгін Астанада сол байқаудың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Айта кетейік, биыл өтінімдер 5 тамыз бен 6 қазан аралығында қабылданды. Комиссия қарауына мыңнан астам өтінім түсіпті. Ғылым,  мәдениет, ақпараттық технология, бизнес, спорт сынды бағыттар бойынша үздік шыққандарға грант пен сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздарға жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттен 3 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

-Еліміздің ертеңі білімді ұрпақтың қолында. Сіздердің иновациялық жобаларыңыз, шығармашылық ізденістеріңіз еліміздің әлемдік аренада беделін арттырады. Білім мен технологияға негізделген жаңа идеялар Қазақстанның дамуының басты бағыты екені сөзсіз.