Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі сатылымға шығарылды. Құны 1,8 млрд теңге болатын баспана Астананың Нұра ауданында орналасқан. Оны қайтарылған активтерді басқару компаниясы Электронды сауда алаңы порталына қойды. Жалпы ауданы 2 мың 800 шаршы метрден асады. Аукцион 25 ақпанда сағат 10:00-ге белгіленген. Еске сала кетейік, Кәрім Мәсімов «мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алмақ болды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды» деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылған.