«Елімізде Абайтану институты ашылуы керек. Ол Конфуций институты деңгейінде мәдени-білім орталығы ретінде құрылғаны жөн». Ұзақ жылдардан бері ақын мұрасын зерттеп келе жатқан ғалым Жабал Шойынбет осылай дейді. Зерттеуші Мемлекет басшысының Абайдың қара сөздерін ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізу туралы бастамасын қолдайды. Ұлы ақын еңбектері әлі де толық зерттеуді қажет ететінін айтады.
Абайтанушы Жабал Шойынбет ақын мұрасын 50 жылдан бері зерттеп келеді. Айтуынша, қазақ ойшылының шығармалары шетелдік ғалымдардың арасында сұранысқа ие. Философ еңбектерін түпнұсқадан оқығысы келетін шетелдіктер Қазақстанға арнайы ат басын бұрады.
Жабал Шойынбет, Абай атындағы ҚАЗҰПУ «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:-Мысалы, кьетнамның да, корейдің де, қытайдың да, жапонның да ғалымдары келді. Сонда бәрі Абайды түпнұсқада оқысақ, шіркін дейді, онда не тұр, онда қазір материалдық құндылық жағынан адамзат баласы үлкен шыңға шықты, ал бірақ рухани құндылық жағынан қазір байлық, ақша яғни қазақша айтқанда бірінші орынға шығып кетті. Міне осыны қалай жеңеміз деп күресуде. Яғни әлемде зиялы қауым өкілдері бар ғой міне солар оның жауабын Абайдан тауып отыр.
Ғалымның пікірінше, Абайдың ілім-білімін насихаттау үшін алдымен науқаншылдықтан арылған жөн. Насихат жалғасқаны абзал. Сондықтан Абай институтын құратын уақыт жетті. Бізге Абайдың бірқатар шығармалары соның ішінде қара сөздері әдеби хатшысы Мүрсейіт Бікеұлы арқылы жетті. Ол ақын еңбектерін көшіріп, қолжазба етіп қалдырған. «Абай термесінде» деген кітапқа алғашқы қара сөзі кірді. Жинақ 1916 жылы Орынборда араб әліпбиімен басып шығарылған. Абай қара сөздерін әуелі «Ғақлия» деп атаған. Бұл «Даналық кітабы» дегенді білдіреді. Одан кейінгі қара сөздері 1933 жылы ескі латын әліпбиімен жазылып, жарыққа шыққан.
Тимур Талғатұлы, «Ғылым ордасы» РМК ғылыми қызметкері:-Кітап сол Қазақстан баспасының ескертпелерімен жүреді. Одан кейін мына Ілияс Жансүгіровтың жазған кіріспесі жоқ. Тоғызыншы беттен әрі қарай жалғасып кетеді. Ол жерде қамтылған Абайдың сол екінші қара сөзінен бастап қырық төртінші қара сөздер арасы және бір ерекшелігі, міне ішінде сол бір редактордың қолынан өткен болуы керек. Сол өзінен түртіп жазып кеткен яғни келесі басылымға қандай шарттарды ескеру керек деген сияқты.
Қазір бұл құнды еңбектер Ғылым ордасының қорында сақтаулы. Абайдың қара сөздері жазылған мына екі қолжазба Мүрсейіт Бікеұлына тиесілі. Кейінгі шыққан жинақтың барлығы осыны негіз етіп алған. Соңғысын былтыр «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы жарыққа щығарды. Абайдың қара сөздері ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енгізуге ұсынылып отырған алғашқы еңбек емес. Былтыр бұл тізімге «Хандар шежіресі» қолжазбасы кірген болатын.
Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов, Сержан Жұмабаев