Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері әлі күнге дейін зерттеліп жатыр

  • 26
  • 04.09.2026, 19:43

Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының беймәлім қырлары, ашылмаған мұралары әлі де көп,  көзі тірісінде төте жазумен қағазға түсірген ғылыми еңбектері мен мақалалары әлі күнге дейін жарыққа шыққан жоқ. Ғалымдар: «Бұл мұралардың бір бөлігі Ресейдің Орынбор немесе Қазан архивтерінде сақталуы мүмкін», - дейді. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің тарихшы ғалымдары Ахаңа қатысты тың дүниелерді тірнектеп іздеп жүр. Соның арқасында 4 жылдың ішінде 4 монографиялық кітап жарық көрді.

Тобыл Жандәулетов, тарихшы, Ахметтанушы:   

- Барлық мәліметтер архив қойнауында Ресейде қалды. Жалпы зерттеушілердің, өзіміздің ойымызша қазіргі саяси жағдайларға байланысты ол мәліметтерді алудың өзі қиын болып жатыр.