5 қыркүйекте Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 154 жыл толады

  • 26
  • 04.09.2026, 19:42

5 қыркүйек - қазақ тіл білімінің атасы, ақын, әдебиет зерттеушісі, ғалым, түркітанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туған күні. Ұлт ұстазы 1872 жылы Қостанай облысының қазіргі Жангелді ауданында дүниеге келген. «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген Ахмет Байтұрсынұлының өзі де, сөзі де келешек үшін қызмет етті. Пайымды публицист ақпарат таратып қана қоймай, халықтың саяси, әлеуметтік әрі мәдени өресін көтеруге өлшеусіз үлес қосты. Қайраткердің дүние есігін ашқан күні елімізде Тілдер күні болып бекітілген. 

Шерубай Құрманбайұлы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті:

- Ахмет Байтұрсынұлы не жазса да, не айтса да, өте қарапайым, ұғынықты, халыққа түсінікті тілмен береді. Сөзді дұрыс таңдау ғана емес, ғылыми ұғымды, қазақтың сөзінің, тілінің табиғатын түсінуінің нағыз көрінісі деп айта аламыз. Ғылыми педагогикалық жұмыспен айналысып, болмысы жағынан ғалым болғанымен оның "Қазақ" газетін басқаруы - ұлтты рухани жаңғырту тұрғысынан мақсаты, міндеті ретінде барып атқарды деп білеміз.