Ш. Жандарбекованың туғанына биыл — 100 жыл
Шараның шымылдығы белгілі режиссер Қадыр Жетпісбаевтың 80 жылдығына арналған қос томдық кітаптың тұсаукесерімен ашылды. «Режиссер, Суреткер, Тұлға, Естеліктер» деп аталатын кітапта замандастары Қадыр Жетпісбаев туралы қалам тербеткен. Ал «Бала мерген» еңбегінде драматургтың 4 пьесасы жинақталды. Таныстырылымнан соң режиссердің өнер сүйер қауымға кеңінен танымал «Бала мерген» спектаклі қойылды.
Аманкелді Мұқан, кітап авторы, театртанушы:
- «Бала мерген» деген кітабы 1980 жылы өнер баспасынан 10 мың данамен шыққан. Бірақ бүгінде жоқ. Сондықтан да театр, режиссер, балаларға өте қажет пьессалар деп ойлаймын. Сондықтан Қадырдың бұл пьессасы өте дер кезінде шығарылып отыр. Негізі өте салт-дәтүрге негізделген, қазақи жазылған, балаларға, жасөспірімдерге арналған керемет материал.