Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл
Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына – 100 жыл. Осыған орай дарын иесінің туған өлкесінде дүбірлі той басталды. Оның әдеби әлемі «ЮНЕСКО», «ТҮРКІСОЙ» көлемінде атап өтіліп жатыр.
Рухани кеште жазушының 4 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді. Балалар әлемін таңғалдырған талантқа арналған мерейлі той екі күнге ұласады. Туған жері Нарынқолда жазушыға арналған еңселі ескерткіш ашылып, бәйге, спорттық ойындардан сайыс өтпек.
Қазыбек Иса, ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қазақ қаламгерлеінің ішіндегі ең есімі әйгілі осы Бердібек Соқпақбаев десек болады. Өйткені міне, 100 жылдығын тойлап жатсақ, осы уақытқа дейін оның барлық шығармалары халықтың жүрегінде сақталған. Қазақ әдебиетіне Соқпақбаев салған соқпақ миллиондардың жүрегіне даңғыл жолмен енді.