Алматыда «Үйлі болайық» қаржы пирамидасы әшкереленді

  • 47
  • 08.07.2025, 18:37

Алматыда «Үйлі болайық» деген желеумен жұмыс істеген қаржы пирамидасы әшкереленді. 515 салымшыдан 50 млн теңгеден астам қаражат жиналған. Ұйымдастырушылар ай сайын 15–30 процент табыс пен жаңа тартылған адам үшін 10 пайыз бонус уәде еткен. Алайда қайырымдылық қорының есепшоттары пайдаланылмаған.

Қаржылық мониторинг агенттігі пирамиданың қызметін тоқтатты. Ал сот санкциясымен күдіктінің шоттарына тыйым салды. 

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы ретінде бүркемеленген бұл жоба аясында ұйымдастырушылар қатысушыларды мүлікті пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады деп сендірген. Азаматтардың қаражаты екінші деңгейлі банктердегі ұйымдастырушылардың жеке шоттарына аударылып отырған. Оған қатысты елден шығуға тыйым салу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.