Алматы-Бішкек тас жолында болған көлік апатынан 6 адам қаза тапты

  • 6
  • 25.11.2025, 19:40

Алматы-Бішкек тас жолының 65-ші шақырымында жол-көлік апаты болып, 6 адам қаза тапты. Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша 23 жастағы Audi жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Toyota автокөлігіне соғылған. Екі жүргізуші мен үш жолаушы жол бойында көз жұмды. Ауруханаға жеткізілген бір жолаушы дәрігерлердің барлық әрекеттеріне қарамастан, медициналық мекемеде жан тапсырды. Жарақат алған тағы бес жолаушы дәрігерлердің бақылауында. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу жүргізіле бастады.

Ернар Сайдильдин, облыстық ПД ресми өкілі:  

-Полиция қызметкерлері Алматы-Бішкек тас жолының 65-шақырымында жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу жүргізілуде. Тергеу барысы Алматы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.