Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Маңғыстау облысында бірқатар кездесу өткізді. Ақтауда еңбек ұжымдарымен жүздесіп, өндіріс орындарының әлеуетін артыруға қатысты мәселелерді талқылады. Жиын барысында азаматтар баспана, жұмыспен қамту және еңбек қатынастарына қатысты көкейкесті сұрағын қойды. Кандидаттар сондай-ақ, қазақстандық тұрмыстық және автохимия өндіруші серіктестік пен аймақта электр энергиясын таратумен айналысатын кәсіпорынға барды. Партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын егжей-тегжей түсіндірді. Жұмысшылардың ұсыныстарын тыңдап, сауалдарына жауап берді.
Мейрамгүл Мәдәлі , Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
-Қазір он екінші өңірге келіп жатырмыз. Халықпен кездесіп жатырмыз. Ең бастысы, бізбен кездесуге келген азамат өз еркімен, өзінің ынтасымен келіп отыр. Бұл біз үшін аса маңызды. Келген кезде бізді ғана тыңдап қана тұрған жоқ. Халықтың ішінен ой айтамын азаматтар ойын айтып жатыр. Ұсыныстарын беріп жатыр.