ҚХК мүшелері қоғам өкілдерімен кездесті

  • 3
  • 15.10.2026, 19:08

Бүгінде ел бойынша 200-ден астам қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Олардың құрамында шамамен 3 жарым мың адам бар. Бұл туралы Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясындағы кездесуде айтты. Кеңес төрағасы этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңестер және жастар ұйымдарының өкілдерімен жүздесті.

Жиында мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты дамыту, жастарды қолдау және азаматтық бірлікті нығайту мәселелері сөз болды. Жаңа институттың ерекше конституциялық мәртебесі мен заң шығаруға бастамашылық ету құқығы бар екені айтылды. Кеңес жұмысы этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам және өңірлер сынды үш негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылған. Өңірлермен жүйелі жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылды.

Нұргүл Ашықова, қоғам белсендісі:

-Халық Кеңесінің жаңа жұмыс-жоспарлары айтылып, жалпы өңірлермен бірлесе қалай жұмыс атқаратындары талқыланып, әлі де бірге жұмыстанып, мәселелерді бірге барлық өңірмен тек қана осы Батыс Қазақстан облысы емес, республикамыздағы барлық өңірлермен бірге, ауылдармен бірге бірігіп жұмыс жасайтыны аталып айтып өтті.