Қ.Тоқаев Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрін қабылдады
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен кездесуде айтты. Президент көрші елдің министрін Ақордада қабылдады. «Алатаудың ар жағында жатса да, ағайындас елміз. Сондықтан қырғыз жеріндегі әрбір саяси оқиғаға Қазақстан алаңдаушылық білдіреді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы қазақ-қырғыздың өзара байланысын жоғары бағалады. «Қырғыз елі – біз үшін сенімді одақтас, стратегиялық серіктес және бауырлас ел болып қала береді», – деді. Коронавирус пандемиясы кезінде де Қазақстан көрші елден барын аяған жоқ. Қолдан келер көмегін жасады. Қазақстаннан жеткен гуманитарлық көмекке Сыртқы істер министрі алғысын білдірді. Билік ауысса да бауырлас елге деген сыртқы саясаты өзгермейтінін айтты.
Тараптар сауда-саттық, инвестициялық, транзиттік және су-энергетика саласындағы байланысты да пысықтады.