Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуалға байланысты қорғаныс саласына үлкен мән беруді тапсырды
«Қорғаныс қабілетін нығайту, жеделдікті арттыру да мемлекеттік маңызы бар басымдықтарға айналуы тиіс», – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Сыртқы қауіп-қатерлер мен кез келген жағдайға дайын болу керек. Сырттан келетін тәуекелдерді модельдеу ең өзекті болып отыр. Стресс-тесттер жүргізіп, кез келген сценарийлерді пысықтаған жөн, соның негізінде мемлекеттік аппараттың іс-қимыл жоспарлары әзірленіп, түзетілетін болады.