Қ. Тоқаев: халықты ревакциналауға кірісу керек
Күн сайын 30-ға дейін өлім-жітім тіркеледі. Егу науқаны басталғалы тоғыз айда халықтың 40% вакцина алған.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Елде вакциналау қарқыны бәсеңдеді. Өткен тоғыз айда халықтың 40% ғана екпе салғызды. Шет мемлекеттердің басым бөлігі ревакциналауды бастап кетті. Бізде жаппай иммундау науқаны наурыз айында басталды. Сондықтан қайтадан вакцина салу уақыты келді деп айтуға болады. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бұл міндетті орындауға кірісуі керек.