Ералы Тоғжанов: 1 миллион қазақстандықтың жалақысы артады
Осы өткір бақылауда тұрған мәселе бойынша Мемлекет басшысының қабылдауында болған Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов баяндап берді. Оның айтуынша, жалақыны көтеру ісі 1 миллионнан астам бюджеттік сала қызметкері мен квазимемлекеттік сектордың өндірістік персоналын қамтиды. Сондай-ақ мемлекеттен көмек алатын ірі бизнестегі 2,8 миллион қызметкердің еңбек табысын арттыру қарастырылған. Экономиканың түрлі салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға қатысты Үкіметтің жоспары да сөз болды.