Жигули Дайрабаев Арал қаласына барды
Кездесу барысында аралдықтар өздерін алаңдатқан сұрақтарға жауап алды. Кандидат пен оның партияластары үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып, саяси бірлестіктің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Серікбай Өмірзақов, «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрағасы:
- Жалпы Арал ауданы өздеріңіз білесіздер, әлемдік деңгейде көтеріліп жатқан мәселе. Себебі осы жаһандық климаттың өзгерісі су ресурстарының азаю жағдайындағы экологиялық проблемалардың туындауы, мемлекет тарапынан пәрменді іс-әрекеттердің арасында Кіші Арал теңізі пайда болды. Балық шаруашылығы жолға қойылып, кеткен балықшылар кейін оралды.