Құқық саласында кедергілер көп – Жандос Тұяқов
Оған бірінші себеп - тәжірибелі кадрлардың тапшылығы болса, ендігісі - қолданыстағы нақты заңдардың дұрыс орындалмауы. «Бұл заңбұзушылықтар қадағаланбаса, әрі қарай азаматтардың құқықтары тапталып, адвокаттардың қолы қысқара береді», – дейді. Десе де заңгер Конституциялық сотты құру арқылы осы мәселелерді шешуге алғашқы қадам жасалды деген үмітте.
Жандос Тұяқов, заңгер:
- Тергеу барысында қылмыскерлердің іс әрекеттерін дұрыс сараламау. Өйткені бізде Қылмыстық кодексте кез келген азамат өзінің істеген іс әрекетіне ғана жауап беру керек деп көрсетілген. 100 іс қарасаң, кемінде бесеуінде заңсыздықтар орын алады ғой. Конституциялық сот мәселелерді шешуге қадам басады деп тұжырым жасауға болады.