Хабар телеарнасы

Ел мерейін асқақтатқан шорт-трек шеберлері елге оралды. Спорт жаңалықтары

Байрақты бәсекелерде ел мерейін асқақтатқан шорт-трек шеберлері елге оралды. Қыз-жігіттерді елорда әуежайынан Ұлттық ұланның оркестрі айбынды әуенімен қарсы алды. Спортшылардың туған туыстары мен спорт жанкүйерлері де арнайы келіп, құшақ толы гүл шоқтарын табыстап, жылы лебіздерін жеткізді. Ерен еңбектің нәтижесінде ел намысын абыроймен қорғаған шорт-трек шеберлеріне қандай құрмет көрсетсе де, жарасымды еді. Естеріңізге салайық, Қазақстан ерлер құрамасы Миланда өткен жарыста жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Денис Никиша, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев және Әділ Ғалиахметов командалық эстафетада 6 минут 46 секунд нәтижесімен қолаға қол жеткізсе, оған дейін жігіттер Харбинде өткен Қысқы Азия ойындарында 5000 метрлік эстафетада чемпион атанған еді. Ал Алина Әжғалиева бастаған қыздар құрамасы күміс жүлдені қоржынға салды.