Хабар телеарнасы

Құттықтау бойынша барлық жаңалықтар

Президент қазақстандық бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент қазақстандық бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттер парақшасына жазба жариялады: «Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет.

Президент Қ.Тоқаев барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

Президент Қ.Тоқаев барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

Президент: «Бұл мейрам ізгілік пен мейірімнің, сүйіспеншілік пен жақын жандарға жанашырлықтың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейді. Қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайта түседі. Православ христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосуда. Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін! Бүгінгі мейрам шаттық пен қуаныш әкелсін!», – деді Президент.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Рождествомен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Рождествомен құттықтады

«Бұл мейрам ғасырлар бойы татулық пен ізгіліктің, сүйіспеншілік пен мейірімділіктің символы болып келеді. Оның өзегінде зор жасампаз күш, үміт пен үйлесім ұялап жатыр. Мәңгілік рухани құндылықтар біздің елдегі барлық діндер мен этностар өкілдерінің басын біріктіріп отыр. Олар татулықтың, тұрақтылық пен бірліктің берік негізіне айналып, Қазақстанның қарқынды дамуына септігін тигізуде. Осы жарқын мерекеде баршаға баянды бақыт, игілік пен мықты денсаулық тілеймін!», – делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент өзінің «Твиттердегі» парақшасында: «Барша отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз – бірлігі бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету – қастерлі парызымыз.», – деп жазды.