+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Бірге жеңеміз» бейнебаянын «Хабар» Агенттігі телеарналарынан тамашалаңыздар

«Бірге жеңеміз» бейнебаянын «Хабар» Агенттігі телеарналарынан тамашалаңыздар

Еліміздің шоқтығы биік өнер жұлдыздары «Бірге жеңеміз» атты әлеуметтік әнге бейнеклип түсірді.

Жаңа туынды осынау қысылтаяң сәтте алапат ауруға төтеп берген ел азаматтарына арналады. Оның ішінде мұқым елдің мұңын арқалаған ақ халаттылар6 жүрегі жылы жомарт жандар, елі үшін түрлі сынақты еңсерген, жұдырықтай жұмылып, күйзелістен арылған, арманы асқақ адамдар бар. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы бұл бейнебаян арқылы бес саусақтай бірігіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, санитарлық талаптарды мұқият орындап, тұтастай алғанда аты жаман аурудан алшақ жүруге үндейді.

Жобаның бас ақпараттық серіктесі – «Хабар» Агенттігі». Рухани маңыздылығы жоғары туындыны жуырда«Хабар» Агенттігінің» «Хабар», «EL ARNA», «Kazakh TV» арналарынан көрсетіледі.

Сондай-ақ...