«Хабар» арнасында көрсетілген «Полигон» телехикаясы көрерменнің жүрек қылын қозғады
Туынды 80-жылдардың аяғындағы Семей ядролық сынағының жабылуына әсер еткен оқиғаларды қамтиды. Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов және Кешірім Бозтаевтар Совет Үкіметінің билігін осындай шешім қабылдауға көндірген. Сол маңызды тарихи кезеңнің бар ақиқаты алты бөлімдік сериалда көрсетілген.
Ойын баласы ғой. Сынақ жүргізу үшін халықты жаппай көшіруін қызық көргендіктен, осылай қуанып жүр. Фильм сол кездегі қарапайым халықтың тұрмысынан бастап, қоғам белсенділері, дәрігерлер, биліктегі азаматтардың әрекетін топтасыра отырып баяндайды. 80-жылдардың аяғы кейіпкерлер жарылыстың дүмпуін ғана емес, оның зардабын сезе бастаған кез болатын. Ащы шындық әр жерде айтыла бастады.
Өкінштісі бұл дерек бір кабинеттен әрі асқан жоқ. Әскерилер, Мәскеу оның бәрін құпия ұстады.
Бақдәулет Кенжалиев, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты:
- Қарап шықтым. Түнімен ұйықтамадым. Тарихи шындық көрсетіледі. Соңынды тіпті өзінің дұрыс істемегенін генералдың өзі біліп, өзін-өзі атуға алып барады ғой. Соның өзі қандай керемет түсірілген.
Жобаның сәтті шығуы – кәсіби шығармашылық топтың еңбегі. Фильмнің бас продюсері белгілі журналист Ерлан Бекхожин, ал режиссёрі Ахат Ибраев. Айта кетейік, туынды «Хабар» Агенттігінің тапсырысы бойынша әзірленді. Оның түсіріліміне актерлердің сыртында 300-ден аса адам қатысқан.
Ғалымқайыр Мұтанов, ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы:
- Осы уақытқа дейін Семей полигоны туралы көп документалды фильм шықты. Оны көркемфильмге айналдыру уақыттың талабы. Жастарымызға шындықты көрсету керек, сол шындық арқылы тәрбиелеуіміз қажет.
Бұл жоба өткен мерекелік демалыс күндері «Хабар» аранасынан көрсетілді. Қазір телехикаяның алты бөлімі де YouTube арнасында оналастырылған. Аз уақыттың ішінде оны жүз мыңнан астам қолданушы қарап үлгеріпті.
Авторы: Ердәулет Ыбырайұлы