Көлік-логистика саласы цифрландырылады

  • 63
  • 15.05.2025, 18:42

«Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды», деп хабарлайды еліміздің Цифрлық даму министрлігі. Президент тапсырмасына сәйкес Үкімет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте көлік-логистика саласын цифрландыру жөніндегі жобалық топқа Көлік, Ауыл шаруашылығы, Сауда, Қаржы министрліктерімен қатар Қазақстан теміржолы және авиация мен логистика салаларындағы ірі қатысушылардың өкілдері кірді. Негізгі мақсат - транзиттік және мультимодальды тасымалдардың тиімділігін арттыру, әкімшілік кедергілерді жою және саланың цифрлық инфрақұрылымын құра отырып, цифрлық жүйелі шешімдерді әзірлеу. Енді логистика саласындағы бизнес үдерістер реинжинирингтен өтіп, саланың цифрлық инфрақұрылымы әзірленеді. Стратегиялық нысандарда, оның ішінде «Қорғас» шекаралық ынтымақтастық орталығына цифрлық шешімдерді енгізу, Қазақстан теміржолы жүйелерінің логистикалық деректерін Смарт Дата Үкімет мемлекеттік жүйесіне беру көзделіп отыр.