Жезқазғандағы ауызсу сүзгілерін ауыстыруға ₸1,8 млрд бөлінді

  • 42
  • 19.05.2025, 18:44

2022 жылы Президент тапсырмасымен қолға алынған жобаның қазір 2-кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Жалпы құны 16 млрд теңге. Бүгінде Жезқазған тұрғындары ауызсудың басым бөлігін ашық су қоймасынан алып отыр. Оны тазартатын жабдықтар 90% тозған. Ал мембраналық технология бойынша жұмыс істейтін жаңа кешен тәулігіне 124 мың текше метр суды сүзе алады.

Мәруа Келмағанбетова, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Біз реагентный шаруашылық станциясында тұрмыз. Бұл жерде фильтрлер орнатылып жатыр. Әлі де бірнеше қондырғылар орнатылады. Технологиялық сорғы станциясы бар. Соның құрылысы жалғасады. Насосный станцияда собственный нужды деген бар. Соның құрылысы басталады.