Маңғыстау облысында 9 өңірден шақыртылған 800-ден астам жас сарбаз ант берді. Теңіз жаяу әскері бригадасының саптық алаңында әскери бөлім командирлері, Қарулы Күштердің және ауған соғысы ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, ата-аналар жиыны 2 мыңнан астам адам болды. Сарбаздар енді қызметтің келесі кезеңі қарқынды жауынгерлік оқуға кіріседі. Алты айдан соң олар артиллерист, танкист, байланысшы, атқыш сынды әскери мамандықтарды меңгеріп, тәжірибелі жауынгерлердің қатарына қосылады.