Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан мен Қытай «Ақылды кеден» пилоттық жобасын іске қосады

  • 672
  • 23.07.2025, 18:59

Инновациялық бастама Қазақстан тарапынан «Бақты», ал шығыстағы көршіміз жағынан «Покиту» шекаралық өткізу пункттері арқылы жұмыс істейді. Жобаның негізгі ерекшелігі жүк тасымалдау үшін жүргізушісіз көлік құралын пайдалану. Осылайша тәулік бойы қозғалысты қамтамасыз ету көзделген. Болжам бойынша жаңа әдіс жүк ағынын жылына 10 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ цифрландыру арқылы кедендік рәсімдеу уақытын қысқарту және логистикалық операцияның қауіпсіздігін арттыруға болады.