Қарағанды облысындағы әуе қорғанысы алғаш сынақтан өтті

  • 11
  • 05.09.2025, 20:00

Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында әуе қорғанысы күштерінің автоматтандырылған басқару жүйесі алғаш рет сынақтан өтті.

«Жауынгерлік достастық-2025» тактикалық оқу-жаттығуы жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған. Сондықтан әуе нысандары анықталған сәтте арнайы есептоптар соққы беру бойынша алгоритмдерін пысықтады. Манёврлерге әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері мен шартты қарсылас ретінде авиация экипаждары қатысты. Мұндай жаттығулар жалпы әуе қауіпсіздігін нығайту мақсатында ұйымдастырылады. Мамандар цифрлық шешімдер әскерді басқару жүйесін жетілдіріп, ақпарат алмасу жылдамдығын арттырғандығын айтады. 

Ердос Есімханов, ҚР ҚМ Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің маманы:

- Бірлесе отырып қазіргі заманауи тактикалық әдістерін қолдану іске асырылды. Және де осы жаттығуға биыл бітірген әскери лейтенанттар мен жас сарбаздар қатысуда.

Қызыр Нұрзат, есептоп операторы:

- Менің мақсатым – зымырандарды сүйемелдеу. Тоғыз ай ішінде өз техникамыздың қыр-сырын үйреніп, «Жауынгерлік достастық-2025» оқу-жаттығуында практикалық түрде дайындалып жатырмыз.