Қазақстан eGov-тан AI-gov моделіне өтіп жатыр

  • 5
  • 01.10.2025, 18:37

Жаңа жүйе мемлекеттік қызметтерді жасанды интеллект арқылы проактивті ұсынады. Үлкен деректерді талдап, азаматтарға қызмет көрсетеді. Жүргізіліп жатқан жұмыстар халықаралық деңгейде де мойындалды. Future of Government Award және GovTech Prize сыйлықтарына ие болды. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының ғаламдық онлайн-қызметтер индексінде Қазақстан ТМД елдері арасында көш бастап тұр.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Қазір мемлекеттік басқаруда смартдаталар негізінде жасанды интеллект элементтері бар түрлі талдау жүйелері қолданыла бастады. Бұл әсіресе, үлкен деректерді сараптауда өте маңызды құрал. Саланы әрі қарай да цифрландыру бойынша біз алдымызға үлкен міндеттер қойдық.