Астанадағы республикалық форумда оқушылар амарант өсімдігін зерттеді

  • 476
  • 29.01.2026, 21:49

Мал шаруашылығы демекші болашақта Бетпақдала төрт түлгіміз үшін жайлы жайылымға айналуы мүмкін. Астанада оны іске асыру мәселесі сөз болды. Ғалымдар Қазақстанның орталық бөлігіндегі шөлге амарант өсімдігін егуді ұсынуда. Оқушылар бұл бойынша арнайы жоба жасап, көпшілікке таныстырды. 

Астанадағы №59 мектеп-лицейінде жас ғылымдар өздерінің әлеуетін таныстырды. Бүгін мұнда республикалық форум өтуде. Қатысушыларға 20-ға жуық жоба көрсетілді. Көпшіліктің назарын аударғаны - амарант өсімдігі. Оның ерекшелігі қарапайым шөп ретінде көрінгенімен кей түрінен дәнді дақыл, ал өзін өңдесе пластик алуға болады. Табиғи болғандықтан топыраққа түссе тез ыдырайды. Ең бастысы оны шөлді жерде өсіруге болады. Оқушылар қазір оны біздің Бетпақдалаға бейімдеу жолдарын зерттеуде.  

Аружан Исатаева, жоба қатысушысы: 

-Амаранттың негізгі төрт түрі бар және де біздің Қазақстанда шығыста және де оңтүстікте мал азықтық амарант өседі. Біз бетбақдалада дәндік амаранты өсіргіміз келеді. Себебі ол азық-түлік ретінде қолдануға болады. Бұны біздің өзіміздің ғалым Карим Мыңбаев зерттеп кеткен және де біз оны жүзеге асырғымыз келеді. Мәселен, біз бұл дәндік амаранттан, амаранттың ұнын жасауымызға болады. Және де одан біз түрлі нандар жасауымызға болады.   

Көрмеде қазір қазақстандық диқандардың қолданысындағы дақылдарда көрсетілді.  

Руслан Жылқыбай, А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бөлім жетекшісі:

- Біздің орталықта жұмсақ бидайдың 27 түрі, қатты бидайдың 7 түрі, бұршақ дақылдар, майлы дақылдар өсірілуде. Солардың ішінде атап өтетін болсақ, Шортанды 95 сорты мың гектарды алып отыр. Өзіміздің ғалымдардың жетістігін көрсету үшін арнайы келдік.
 
Форум аясында ғалымдар оқуышлармен кездесіп, баяндамалар оқылды және секциялық отырыстар өтті.  

Гүлжазира Султанова, ұйымдастырушы:
   
- 4 секцияға бөлінген, бірінші агрономия тақырыбында, екінші география мен агрономияның үйлесімі, үшінші мектеп зертханалары туралы және ұмытылған есімдер. Осы төрт бағытта секциялық жұмыстар.
 

Зейнеп Махсутова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі комитет төрағасының орынбасары:

- Негізі елімізде ғылыми жобамен айналысуға көптеген ыңғайлы жағдай жасалған. Енді биылдан бастап ғылыми жобалардың да жеңімпаздарына төлемақы төленетін болған. Тек қана оқушыларға емес, соларды жетектеп жүрген педагогтар, тренер, мұғалімдерімізге  бұйрықпен бекітілген бір реттік сыйақылар бар, төлемдер бар.
 

Ғылыми-практикалық конференцияға еліміз бойынша 250-ден астам ғалым, мұғалімдер және түрлі сала өкілдері қатысты.  

Ердәулет Ыбырайұлы, Руслан Тәуірше