Жамбыл облысында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті

  • 8
  • 16.04.2026, 21:52

Әкімшілік полиция, қоғамдық қауіпсіздік және көші-қон қызметінің қызметкерлері қоғамдық орындарда азаматтарды қабылдады. Өңір тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бір күн ішінде 107 адам көмекке жүгінді. Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, шетел азаматтары үшін ықтиярхат пен жұмыс істеуге рұқсаттарды рәсімдеу, қылмыстық істердің тергелу барысы, жүргізуші куәліктерін ауыстыру, бейнекамералар мен жолдарға жасанды кедергілер орнату, сондай-ақ ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша сауалдарын қойды. Мамандар жауап беріп, қажетті ұсынымдар жасалды. Мұндай шара «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел шешу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін ұдайы өткізіліп тұрады. 

Фархат Имашев, ПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, полиция капитаны:

- Бұл акцияның мақсаты – халықтың арасында түсіндірме жұмыстары, сонымен қатар арыз-шағымдарды қабылдау. Неғұрлым шағымдарды шешу, шешілмей жатқан жағдайда заңды түрде шешімін табу үшін тиісті мемлекеттік органдарға немесе полицияның құзіретіне кіретін болса, заңды шара қабылдау үшін өткізіліп жатыр.