ҚХП Семейде медицина қызметкерлерімен кездесті

  • 5
  • 07.08.2026, 19:40

Қазақстан Халық партиясының өкілдері Семейде денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын талқылады. Кездесуге 100-ге тарта дәрігер, орта медициналық буын өкілдері, ғалымдар, салалық мекемелердің қызметкерлері қатысты. Олар ауылдық елді мекендердегі дәрігер тапшылығы, жалақыны көтеру, жас мамандарды даярлау сынды өзекті мәселелерді көтерді. Кездесуге қатысушылар денсаулық сақтау саласының жұмыс сапасын арттыру туралы пікірлерін айтты.   

Ләззат Ақтаева, ҚХП атынан Құрылтай депутаттығына кандидат:      

- Абай облысы жаңа облыс болғандықтан, ең өзекті мәселенің бірі – инфрақұрылым. Облыс аумағы үлкен, сондықтан алғашқы медициналық көмек көрсететін нысандардың санын көбейту керек. Ауылдардағы фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың санын арттыру қажет. Себебі ең алдымен алғашқы медициналық көмек науқастар мен тұрғындарға жақын болуы керек.