Қазақстанда жыл сайын тамыз айының соңғы жексенбісі - кеншілер күні аталып өтеді.
Елімізде қазір 120 мыңнан астам кенші бар. Олардың 76 мыңнан астамы денсаулыққа зиянды немесе ауыр еңбек жағдайларында шахтада еңбек етеді.
Елімізде кеншілердің әлеуметтік қолдауы да күшейіп келеді. 2024 жылдан бері зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін азаматтарға 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем қарастырылған. Ол үшін азамат зиянды еңбек жағдайында кемінде 7 жыл еңбек еткен және сол уақыт ішінде зейнетақы жарнасы тұрақты төленіп отыруы тиіс. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы қыркүйектегі жолдауында берген тапсырмасы аясында қолға алынды.
Бағдарламада зиянды және қауіпті өндірістерде ұзақ уақыт тер төккен жұмысшылардың денсаулығын сақтау үшін оларға жалпы зейнет жасына жетпей-ақ, жұмыстан шығуына немесе жеңіл жұмысқа ауысуына жағдай жасалады.