Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Үшарал әуежайы кеңейтіледі

  • 5
  • 03.11.2026, 18:06

Қосымша жолаушылар терминалы салынып, ұшып-қону жолағы мен тұрақтардың аумағы ұлғайтылады. Нәтижесінде әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 50 жолаушыдан 125 адамға дейін артады. Бұл мақсатқа бюджеттен 5,5 млрд теңгеге жұмсалып, 13 гектар жер телімі бөлінеді.

Жазғы демалыс маусымында ғана жұмыс істейтін аэропорт Алматы мен Астанадан рейстер қабылдайды. Ал Талдықорғандағы әуежайға тек Астанадан келетін ұшақтар қонады. Енді салаға жауаптылар Жолдауда айтылған инфрақұрылымды дамыту тапсырмасына сәйкес, әуе қатынасын әртараптандыруды жоспарлап отыр.

Ерсін Ибрашев, облыстық туризм басқармасының басшысы:

- Биыл өңірдегі туристік нысандарға түсетін жүктеме 2 млн 300 мың адамға жетті. Тынығушылардың көбі Алматы қаласы арқылы келді. Жетісу облысының табиғаты көркем. Тарихи орындары да көп. Туристердің санын арттыруға қызмет көрсетіп жатқан әуе компаниялардың әлеуеті жете бермейді. Сондықтан біз ұшақпен жолаушы тасымалдайтын басқа да мекемелермен меморандумға қол қойдық. Жаңа бағыттарды ашып, қолжетімді ету мақсатында жұмыс істеп жатырмыз.